Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

Осы шара Қазақстанда енгізу «Әрі қарай мемлекетті құру 100 нақты қадам» институционалды реформаладың Жоспары және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан кейін қолға алынып отыр.

Айта кететіні, Қазақстанда бұл аралас жүйе болмақ, бұл жерде мемлекет тұтынушы жарна төлемесе де, барлық азаматтарды кепілді мөлшерде тегін медицианалық көмекпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және ерікті медициналық сақтандыру қызмет етіді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттін, жұмыс берушінің және әрбір азаматтың жауапкершілігінде негізделген:

Мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін (әлеуметтік-қауқарсыз тобы) үшін:

2017ж.01.07.бастап 4%, 2018ж7 бастап 5%, 2023ж7 бастап 6%, 2024ж7 бастап 7% жарналарды құйып отырады:

Жұмыс берушілер – 2020 жылға қарай 5% пайдасынан жалдаған жұмыскерлер үшін 2017ж.01.01. бастап 2%;

Жұмыскерлер - 2019 жылдан бастап қарай 1% пайдасынан, 2020 жылға қарай 2% пайдасынан;

Салық органдарында тіркелеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өздері үшін (2017 жылдан бастап 2% пайдасынан, 2018 жылдан бастап 3%, 2019 жылдан бастап 5%, 2020 жылдан бастап 7%;

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу медициналық қызмет көрсету сапасы мен қол жетімділігін жеке медицинаны дамыту арқылы және медицина ұйымдарының арасында бәсекелестікті арттыру мақсаты болып отыр.

 

Шарбақты аудандық

Әділет басқармасы РММ