20 Сентября
, 20:23
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Іс қағаздарындағы мемлекеттік тіл»

«Іс қағаздарындағы мемлекеттік тіл»

 

Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Шарбакты аудандық Әділет басқармасының іс қағаздарымен жұмыс мемлекеттік тілге ауысты, мемлекеттік органдарға және жеке тұлғаларға шығыс құжаттары және жауап хаттардың барлығы қазақ тілінде, қажет болған жағдайда ресми орыс тілі қос тілде жүзеге асырылады.

Алайда, әліде мемлекеттік мекемелердің толықтай мемлекеттік тілге ауыспағандары бар, олай дейтін себебі Әділет басқармасына мемлекеттік органдардан келіп түскен кіріс құжаттары ресми тілде түсетін құжаттар бар.

Сонымен қатар, айта кететіні кей мемлекеттік мекемеде ішкі құжаттарды ресми тіл орыс тілінде жүргізіліп жатады, ал Әділет басқармасының ішкі құжаттары (хаттама, қызметтік хат т.б.) мемлекеттік тілге ауыстырылып, жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тілдің іс қағаздарында қолданысын кеңейту мақсатында жұмыстар жүргізіп, әрбір қызметкер мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту үшін атсалысу қажет.

 

Шарбақты аудандық

Әділет басқармасы РММ