Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі

Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі

 

Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсаны. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген емес. Сондықтан біз оны сақтап қалуымыз керек, тарихымызды, мәдениетімізді, ұлттық ұқсастығымызды сақтай отырсақ, сонда біздің тілім жоғалмайтыны анық.

Шарбақты аудандық

Әділет басқармасы РММ