Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Нұр Отан партиясы филиалында өткізілген шаралар туралы
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Нұр Отан партиясы филиалында өткізілген шаралар туралы

2017 жылғы 18 ақпанда ауданның «Нұр Отан» партиясы филалының ғимаратында «Шарбақты аудандық әділет басқармасы» РММ басшысы А.С.Байзаковамен кәсіпкерлер палатасының өкілдері:басшысы –Н.Абенов, Е.Буркутбаева, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары К.Баисов, «Шарбақты ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы»  РММ қызметкері Н. Дворцевая қатысуымен ««дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.  «Дөңгелек үстелдің» тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Әділет органдарымен әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы өндіріс  бойынша Нұсқаулықтың қолдану Ережелері», шара барысында осы Нұсқаулықтың қолдану тәртібі түсіндірілді.

Сол күні, яғни 2017 жылғы 18 ақпанда ауданның «Нұр Отан» партиясы филалының ғимаратында «Шарбақты аудандық әділет басқармасы» РММ басшысы А.С.Байзаковамен «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер  Кодексіне сәйкес тексерулердің рәсімдеу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді. Мұнда кәсіпкерлер палатасының өкілдері: басшысы –Н.Абенов, Е.Буркутбаева, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары К.Баисов, кіші кәсіпкерліктің өкілдері: «Мендыбаев» ЖК, «Сушко» ЖК, «Гвишиане» ЖК,  «Амирханова» ЖК, «Амиров»ЖК. Қатысқандарға тексерудің түрі, тексерудің негіздері, сондай-ақ, тексеруді өткізетін уәкілетті тұлғалар жөнінде  түсіндірілді.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ