Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Қалай жеке сот орындаушы болуға болады?
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Қалай жеке сот орындаушы болуға болады?

Жеке сот орындаушылардың институтын дамыту және біртіндеп сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін қысқару мәселесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басымдық бір бейнесі болып отыр.

Сондай-ақ, Ұлт жоспарының 27 қадамын орындау мақсатында, 2015 жылғы 29 қазанында «Жеке кәсіпкерлікпен айналысу мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында іс жүзінде жеке орындау жүйесіне ауыстыруды қарастыратын «Атқарушылық іс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына концептуалдық түзетулер енгізілді.

Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғау мақсатында сот шешімдерін және уәкілетті органдардың актілерін көпшілік бөлігін жеке сот орындаушылар атқарады.

Жеке сот орындаушылардың ерекше құзіретіне жеке және заңды тұлғалардың пайдасына шешім шығару бойынша орындау құжаттары берілді.

2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылар алименнтерді, еңбек ақыны, зейнетақы және жәрдем ақыны өндіріп алу бойынша тұрғындарға кепілді мемлекеттік заңды көмек көрсетеді.

Жеке сот орындаушылардың өкілеттігіне мемлекет борышкер болып танылатын жерде немесе ұпайы мемлекеттің қатысуымен болса, сонымен қатар пәтерден шығару, пәтерге кіргізу, бұзу, жер телімдерді қайтарып алу және басқа да мемлекеттің мүддесін қорғайтын өндірістер жатпайды.

Жеке сот орындаушының талаптары «Атқарушылық іс және сот орындаушылар мәртебесі туралы» ҚР Заңымен бекітілген. Жеке сот орындаушы Қазақстан Республикасының жиырма бес жастағы азаматы, жоғары заңдық білімі бар, жеке сот орындаушының лицензиясына ие болған және Республикалық палатасының мүшесі болу керек.

Жеке сот орындаушының лиценциясы негізгі, мерзімі шектеусіз берілетін болып табылады және онымен Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында қызмет етуге болады.

- Судьялар, судья қызметін атқарған, өзінің міндеттерін атқару кезінде әдепсіз қылық және заң бұзушылық жасаған судьяларды алмағанда,

-судья лауазымына біліктілігін тексеретін емтихан тапсырған тұлғалар,

- оқу орнын бітірген және арнайы магистратурада біліктілігін тексеретін емтихан тапсырған тұлғалар,

-өкілетті органда және аумақтық органдарда сот ақару құжаттарын орындауын қамтамасыз саласында екі жылдан кем емес қызмет атқарған тұлғалар,

-құқыққорғаушы және арнайы органдарда еңбек өтілі бойынша прокурор, тергеуші немесе оперативтік іздестіру қызметін атқарған немесе бес жылдан кем емес қоғамдық тәртіпті қаматасумен айналысқан тұлға еңбек өтілісіз және аттестациялаусыз себептер бойынша жұмыстан босаттылған тұлғаларды есепке алмағанда, жеке сот орындау лиценциясын алуға болады.

Жеке сот орындашы , сонд-ақ мемлекеттік сот орындаушы процессуалды тұлға болып табыладыц және сондай құқық пен міндеттрге ие, қызметтік міндеттерді өз атынан атқарады және өзінің жауапкершілігіне алады.

Жеке сот орындаушының атқару істері ақылы, борышкердің есебінен атқарылады.

Жеке сот орындаушының атқару істері 2014 жылғы 1 мамырдағы Үкіметтің №437 қаулысымен бекітілген тарифке сәйкес өндіріп алынатын соманың 3-25% дейінгі мөлшерде атқарылады.

Мүліктік емес (ақшалы емес) сипатты құжаттарды атқарушы құжаттарды орындау кезінде жеке сот орындаушының еңбек ақы төлемі 20-дан 100 дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі.

Барлық сұрақтар бойынша Павлодар облысының әділет департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу болады: Павлодар қ., 106 каб., тел (7182)32-46-46.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ

басшысы А. Байзакова,

РҚБ «ҚЗО»

Павлодар филиалының мүшесі