20 Сентября
, 21:32
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дегеніміз қауыпті әлеуметтік құбылыс,  мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік және де басқа басқару қызметті орындауға уәкілетті, соның ішінде жеке секторда белгіленген құқық нормалары мен моральды  қызмет мүддесіне  қарамастан қызмет жағдайын, статусын және лауазымын  өзінің жеке басының ауқаттану мақсатында пайдалану. Әлеуметтік  дертпен күресу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің моральды әлпеті мен іскер  қасиеттерінің талаптарын  арттыру, сондай-ақ тәртіпті нығайту және жауапкершілікті арттыру үшін  сыбайлас жемқорлық туралы заң құрастырылған, бірнеше бағдарламалық құжаттар  қабылданды, уәкілетті орган  тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық «Қазақстан Стратегиясы-2050»: Тұрақтанған мемлекеттің жаңа саяси бағыты. бағдарламасында ұлттық қауіпсіздікке тура қауіп-қатер деп белгіленген. Президент жанында  сыбайлас жмқорлықпен күресу және мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік этикасын ұстану мәселесі бойынша комиссия  тағайындалып, қызмет атқарып отыр.  Үкіметпен үлкен жұмыс атқарылуда, Елбасының маңызды бір қатар тапсырмаларының ішінде, азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуын  дамытуға әкімшілік барьерлерді төмендету және бизнесте  билік тарапынан негізсіз қол суғушылыққа жол бермеу. Осы жұмыста жүйелікті 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қаматамасыз етпек. Мұнда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары белгіленген,  бұл  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын ұйымдастыру бойынша мемлекет шара жүйесінің негізгі элементінің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жалпы  екі мақсатқа  бағытталған: ұлттық дәстүрлерді  ескере отырып, тіпті бала кезінен бастап,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетін қалыптастыру және  мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бақылауын дамыту.

 

А.Байзакова

«Шарбақты аудандық

әділет басқармасы»

РММ басшысы

«ҚЗО» РҚБ

Павлодар филиалының мүшесі