Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Doing Business» рейтінгі және жаһандық бәсекеге қабылеттік индексі
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Doing Business» рейтінгі және жаһандық бәсекеге қабылеттік индексі

2017 жылғы 16 қаңтарда Шарбақты аудандық әділет басқармасы РММ «Дүниежүзілік банктің «Doing Business» Ұлт жоспары, бес институционалды реформалардың 100 нақты қадамы» тақырыбы атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның  әкімшілік реттеудегі  заңның тиімділігін даулау кезіндегі Жаһандық индексін және зияткерлік меншіктің құқық қорғау саласындағы мемлекеттің саясатын және оны қалыптастыру бойынша мақсаттарды  түсіндіру. Мұнда Шарбақты ауданы бойынша шағын  кәсіпкерлік субъектілердің басшылары, «Шарбақты ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» ММ және «Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»  РММ  өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты: «Дүниежүзілік банктің «Doing Business»рейтінгінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар туралы құқықтық жүзінде түсіндіру, Елбасының жариялаған Ұлт жоспарындағы белгіленген «100 нақты қадамын» жүзеге асыру өткізілетін. Бұл бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттер жоспарын айқындай түспек.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасының

басшысы

«ҚЗО» ПФ РБҚ мүшесі

А.Байзакова