Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Doing Business рейтингінде позициясының жақсаруы. Кәсіпкерлікпен айналысуды жеңілдету.
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Doing Business рейтингінде позициясының жақсаруы. Кәсіпкерлікпен айналысуды жеңілдету.

Әр елге бизнесті жүргізуге  қолайлы жағдай рейтінгінде  тиісті  позиция беріледі. Аталған рейтинг 189 позициядан тұрады. Бизнесті жүргізуге   қолайлы жағдай рейтінгінде  не құрлым орны жоғары болса, сол құрлым кәсіпорынды ашу және оны жүргізуге кәсіпкерлік орта  қолайлы болмақ. Әрбір елдің бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау рейтінгі тұтас бағаны реттеу  арқылы анықталады, бұл баға әр елдің  озық межесінің алыстық көрсеткіші арқылы 10 бағыты бойынша алынады. Әрбір бағыт индикаторға бірдей  мағына  беретін  бірнеше көрсеткіштен  тұрады.

Бизнестің өмірлік циклының 10 аспектісі мынадай: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұксат алу,  жеке меншікті тіркеу, несие алу, инвесторлардың құқығын қорғау, салық салу, халықаралық сауда-саттық, келісім шарттарды орындау, төлем қабылетсіздік мәселесін шешу, электрқуатымен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу.

Дүниежүзілік банкімен құрастырылатын «Doing Business» рейтингі, елдің  бизнес-климатын жақсартуға қабылданатын  реформаның  объективті   ішкі бағасы болып табылады.

Қазырғы таңда  «5 институционалды реформаның жүзеге асыру бойынша  нақты 100 қадам» Жоспарының  27  тармағын  жүзеге асыру аясында мемлекеттік  сот орындаушылар  аппаратын қысқарту арқылы жеке сот орындаушылар институтының әрі қарай дамуы қарастырылған. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленуде.

Аталмыш заң жобасымен жеке  категория істері бойынша атқару істерді орындау үщін жеке сот орындаушылардың өкілеттігін  кеңейтуы  жорамдалып отыр.   Сонымен қатар, осы заң жобасының аясында жалпы атқарушы өндірістің  жетілдіру қарастырылуда. Осыған байланысты, аталмыш заң жобасымен «Келісім-шарт орындау» индикаторын  жақсарту бойынша жұмыс  қарастырылған.

Біздің елімізде бизнес жағдайына көп назар бөлінеді. Біздің мемлекет үкімет, бизнесмендер мен  елдің азаматтардың күшімен әлемнің 30 бәсекеге қабылетті  елдердің қатарына қосылу керек. Ең алдымен бұл қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған.

2014 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстанда «Doing Business» рейтингіндегі орнын жақсарту және мемлекетпен қарым-қатынасты  барынша жеңілдету, кәсіпкерлік пен айналысуға жайғдайды түбегейлі  жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікпен айналысуға түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Осы  өзгерістер инвестициялық және кәсіпкерлік климатына  оң әсерін тигізу мақсатында енгізілген.

Аталған заңмен кәсіпорынды жою рәсімдері жеңілдетілген, басым инвестициялық жоба бойынша инвестициялық келісім-шарт жасаған  инвесторларға «бір әйнек» принциптері енгізілген.Жеке кәсіпкерлік субъектілердің ашылу және тоқтату үшін кәсіпорындарды тіркеу мерзімі 1 сағатқа дейін қысқартылған және минималды жарғылық капитал болу талабы  жойылған. Аталмыш өзгерістер бизнеске әкімішілік салмақты азайту ықпал етуге және қазақстандық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізілген.

«Шарбақты аудандық әділет басқармасы» РММ басшысы   Павлодар  филиалы  Казақстандық заңгерлер одағының  мүшесі  А.Байзакова