Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқылануда
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқылануда

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне(әрі қарай – ӘҚБтК) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, жоспарланып отырған жаңалықтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.

А.ж. маусым айынан бастап Әділет министрлігімен әлеуметтік желілерде (facebook, twitter, instagram)адвокаттар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар және халық арасында ӘҚБтК нормаларын қолданудың проблемалық аспектілері мен ұсыныстарды талқылау аясында ресми аккаунттар құрылды.

Жоспарланып отырған ӘҚБтК жаңалықтарын, өзгерістер мен толықтыруларды қоғамға түсіндіру, сонымен қатар ұсыныстарын алу мақсатында Павлодар аудандық әділет басқармасы әзірленіп жатқан заң жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Заң жобасымен келесі міндеттерді шешу жоспарлануда:

-         әкімшілік-дериліктік заңнаманы одан әрі жетілдіру;

-         әкімшілік-процессуалдық нормаларды жүйелеу;

-         жекелеген әкімшілік-құқықтық және процессуалдық институттарды жетілдіру.

ӘҚБтК тиісті түзетулерді енгізу жолымен заңнамалық реттеуді қажет ететін құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жоюға белсенді атсалысуларыңызды сұраймыз.

 

 

А.Байзакова ,

Шарбакты аудандық 

әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі