Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Құқықтық мониторинг қагидасы

                               Құқықтық мониторинг қагидасы

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді.

Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуінің тәртібін айқындайды.

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау (бұдан әрі – құқық нормасындағы кемшіліктер), сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

Қағидалардың 3-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг объектісі мыналар:

1) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдардың актілері);

5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері) болады.

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актілер, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер құқықтық мониторинг объектісі болып табылмайды.

Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар.

Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілердегі ақпаратты;

2) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына шолуларды;

3) «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі жүргізген нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелерін;

4) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен жинақтап қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен сот шешімдерін қарау нәтижелерін;

5) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды;

6) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өткізетін заңнама нормаларын қолданудың қоғамдық мониторингі қорытындыларын (ұсынымдарын);

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін жүргізуі нәтижелерін;

8) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурстарында, оның ішінде ғылыми жарияланымдарда қамтылған ақпаратты;

9) нормативтік құқықтық актілердің құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін;

10) құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректерді;

11) заңнаманы жетілдіру бойынша  талдау материалдарын;

12) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен ескертулерін пайдаланады.

Қазақстан Республикасының құқықтық мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді:

1) құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпарат жинауды, жинақтап қорытуды және талдауды;

2) талдамалық анықтама не құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтама жасауды;

3) құқық нормаларында кемшіліктер анықталған жағдайда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;

4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша құқықтық мониторинг нәтижелерін толтыруды қамтиды.

Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың заң қызметтері құқықтық мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдерін жүргізеді.

Құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әр айға бөлумен және құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі көрсетіле отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітіледі.

Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін (кадрлық, шаруашылық мәселелері бойынша құқықтық актілерді қоспағанда) тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан үшін орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қабылданған актілерінің тізбелерін (бұдан әрі – тізбелер) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне қарай ұсынады.

Мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз іске асырылатын құқық нормалары анықталған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және/немесе орыс тілдерінде талдамалық анықтамалар жасайды.

Өздері әзірлеушісі болып табылмайтын мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормалары анықталған жағдайда, мемлекеттік органдар талдамалық анықтамалар жасалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, оның әзірлеушісі болып табылатын не оның құзыретіне жататын мемлекеттік органға хабарлама жібереді.

Егер нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз іске асырылатын нормалар анықталмаса, мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қазақ және/немесе орыс тілдерінде құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамалар жасайды.

Орталық мемлекеттік органдар корпоративтік порталды пайдалана отырып, талдамалық анықтамаларды және құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамаларды орналастыруды жүзеге асырады.

Мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары бекітілген кестеге сәйкес ай сайын қазақ және/немесе орыс тілдерінде талдамалық анықтамаларды және құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамаларды жасайды, сондай-ақ оларды бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына жібереді.

Жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындысы бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

Орталық мемлекеттік органдар қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді және корпоративтік порталда орналастырады.

Мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары ақпаратты облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына жібереді. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдары жинақтап қорытылған ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін (ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін) жібереді.

Әділет органдары мемлекеттік органдармен бірлесіп кезең-кезеңімен, бірақ жарты жылда кемінде бір рет анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі нәтижелерін қарайды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі (2016 жылғы 29 тамыз).