Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидат
Басты Сайлау Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидат

_оспанова

Оспанова Назгүл Зейноллақызы

 

Өмірбаяны

 

1981 жылы 5 шілдеде Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1998 жылы Шарбақты ауданының Алексеевка жалпы орта мектебін аяқтап,  Астана қаласының Л.Н.Гумилев атындағы Еуаразиялық ұлттық университетінің «Политология» мамандығы бойынша тәмамдады.

1998 жылы Алматы қаласының «Айжан» қуыршақтар театрінде еңбек жолын бастады.

2003-2004 жылдары «Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де аудармашы;

2004-2006 жылдары  «Шарбақты ауданының Алексеевка ЖОББМ» ММ-де аудармашы, іс-жүргізуші ретінде;

2006-2007 жылдары «Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жастар ісі мен спорт бойынша әдіскері;

2008-2010  жылдары «Шарбақты  ауданының  ішкі  саясат  бөлімі» ММ-нің жетекші маманы;

2012-2014 жылдары Павлодар қаласының «Айша» ЖК мұрағатшы;

2014-2018 жылдары «Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман;

2018 жылғы қараша айына дейін  Шарбақты ауданы әкімдігі, Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты «Балбөбек» балабақшада КМҚК басшысының міндетін атқарушысы болып қызмет атқарды.

2018 жылғы қараша айынан 2019 жылғы сәуір айына дейін Алексеевка ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеуде.

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

 

Мені Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің әкімі ретінде сайлаған жағдайда менің міндетті бағдарламамды іске асыру үшін барлық күш-жігерімді саламын.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде  ұстанымдарым:

  1. Президент және Үкіметтің алдына қойылған міндеттерді іске асыру бойынша сапалы және тиімді жұмыс жүргізу;
  2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы несие беру және жеке қожалықтар мен шаруа қожалықтарының ынтымақтастық шараларын жандандыру;
  3. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жедел және сапалы болуына ықпал жасау;
  4. Жас отбасыларға қолдау көрсетіп, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
  5. Ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау, көшелерді жарықтандыру, елді мекенді көгалдандыру және жөндеу жұмыстарымен айналысу;
  6. Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және спортпен айналысу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау;
  7. Ауылдық округінің әлеуметтік сала объектілері: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мәселелерін жедел шешу.