Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі әкіміне кандидат
Басты Сайлау Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі әкіміне кандидат

 Омиржанов А.М.

ӨМІРЖАНОВ АБЗАЛ МОЛДАГОСМАНҰЛЫ

Өмірбаян

 

Павлодар облысы Шарбақты ауданының Арбиген ауылында 1981 жылғы 3 қаңтарда дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар.

1998 жылы Екібастұз қаласының орта жалпы білім беру мектебін бітірген.

2012 жылы Алматы «Дәулет» менеджмент институтын «Әлеуметтік сала мен өндірістегі «Экономист-Менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылдан 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында міндетін өтеді.

         Өз еңбек жолын 2004 жылы «Шалдай ЖОББМ» ММ бас бухгалтер ретінде бастаған.

2005 жылғы қараша айынан бастап  2009 жылғы шілде айына дейін  «Санаторлық үлгідегі Шалдай мектеп-интернаты» ММ бас бухгалтері болған.

         2009 жылғы тамыз айынан бастап 2013 жылға дейін «Шарбақты туберкулезге қарсы аурухана» ММ бас бухгалтері.

2013 жылғы  тамыздан 2015 жылғы  мамырға дейін «Шарбақты ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК бас бухгалтері.

2015 жылғы қарашадан 2018 жылғы сәуірге дейін  «Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас бухгалтері.

2018 жылғы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының міндетін атқарушысы болып қызмет атқарып келеді.

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

 

Әкім кандидатының сайлауалды бағдарламасы

 

Мен - тұрғындардың әл-ауқатын және ауылдағы әлеуметтік өмірді жақсарту үшін, сондықтан өзімнің сайлауалды бағдарламамның негізгі ережелерін жүзеге асыру үшін, білімімді, тәжірибемді және бар күшімді саламын:

- тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және оларды жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- ауыл жастарының мәдени сауық ұйымдастырумен айналысуды, спортты дамытуды және адамдардың салауатты өмір салты, жастарды жұмыспен қамтуда шешімін табуға қатысу;

- ауылды абаттандырумен айналысу, ауыл арасындағы жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру;

- жергілікті өзін - өзі басқару органы қызметтерінің бағыттарын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолдану.