Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидат
Басты Сайлау Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидат

Иманкулов С.Е

Иманқұлов Сержан Ерғалымұлы

 

Өмірбаяны

 

1979 жылдың 9 наурызында Лебяжі ауданының Шоқтал ауылында өмірге келген. Білімі жоғары: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.           

1995 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатын бітірген.                                                          

Еңбек жолын 1995 жылы Чекинский орта мектебінде мұғалім болып бастаған.                                                                                                              

1996-2000 жылдары - Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті.                                         

2000-2001 жылдары Шарбақты ауданы Александровка ауылы Александровка орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.                      

2001-2006 жылдары Шарбақты ауданы Александровка ауылы Александровка орта мектебінің директоры болған.                                       

2009-2010 жылдары санаторлы үлгідегі Шалдай мектеп интернатының директоры болып жұмыс істеген.                                                                     

2010-2012 жылдары Шарбақты ауданы Александровка ауылы Александровка орта мектебінде мұғалім болған.                                            

2012-2013 жылдары Шарбақты ауданы Жаңаауыл орта мектебінің директоры болып жұмыс істеген.                                                                       

2013 жылдан Александровка ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

2017 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы болып қызмет атқарып келеді.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсіруде.

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:

Александровка  ауылы әкіміне кандидат ретінде шешім қабылдай отырып, ауылдың әлеуметтік мәселелер шешуге күш жұмсаймын және өзімнің мемлекеттік қызметте жинаған білімім мен тәжірибемді осыған арнаймын. Менің сайлауалды бағдарламам ауыл тұрғындарын толғандырған  келесі сұрақтарды қамтиды: 

- әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық;

- ауылдың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру және көркейту жұмыстарын белсенді жүргізу;

- өмірдің қиын жағдайларына тап болған қарияларға қолдау көрсету;

- әлеуметтік проблемаларды шешу;

- ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлер идеяларын қолдау;

- мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды оқыту және еңбекке орналасуына  жәрдем көрсету;

-  адамдар көп жиналатын орындарды абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, ауыл жастарына спортты дамыту және салауатты өмір салтын адамдардың мәселелерін шешуге қатысу, жастарды жұмысқа орналастыру;                                                         Осы бағдарламаны іске асыру қолданыстағы заңнама қызметін реттейтін органдарының жергілікті атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың  нақты қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде жүзеге асырылатын болады.