Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі әкіміне кандидат  
Басты Сайлау Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі әкіміне кандидат  

 Баисов Ж.Б

 

Жанат  Бисембайұлы  Баисов

 

Өмірбаяны

 

Шарбақты ауданының Северный ауылында 1986 жылдың 1 қантарында  өмірге келген. Білімі жоғары: 2007 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Құрлық әскерлер Әскери институтын бітірген. 2010 жылы юриспруденция маманы бойынша С.М.Торайгыров атындағы  Павлодар мемлекеттік Университетін бітірген.

2007 жылы шілде айында Жамбыл облысының Гвардейский кентінде «лейтенант» әскери атағымен мотоатқыштар взводының командирі лауазымында  еңбек жолын бастаған.

2007 жылдың шілдесінен бастап 2014 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер офицерлер қатарында рота командирі, батальон командирінің орынбасары, әскери бөлімі қызметінің бастығы  лауазымында қызмет еткен. Әскери қызметте «капитан» әскери атағын алған.

2014 жылғы айынан бастап 2015 жылғы наурызына дейін Қарулы Күштерінің қызметкері.

2015 жылдың наурыз айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін «Шалдай ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ бас маманы болды.

2015 жылдың шілде айынан  бастап 2017 жылғы  қыркүйек айына дейін «Шарбақты аудан жер қатынастар бөлімі» ММ-нің бас маманы.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап 2018 жылғы ақпан айына дейін Павлодар облысы Әділет Департаментінің «Шарбақты аудандық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы - басшысы болды.

2018 жылғы ақпан айынан бастап 2018 жылғы қараша айына дейін Шарбақты ауданы Әділет басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

 2018 қараша айынан бастап осы уақытқа дейін «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жерді қорғау және пайдалануды бақылау жөнінде бас испекторы болып қызмет атқаруда. 

Үйленген.

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

 

Мені Александровка ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлаған жағдайда өзімнің бар күш-жігерімді бағдарламамның ең басты мақсатын шешуге бағыттаймын. Ол халықтың өмір сүруіне  қолайлы жағдайлар жасау.

  • Президентің және Үкіметтің қойылған міндеттерді белсене іске асыру.
  • Ауылдық жолдарға жөндеу жүргізу, көшелерді жарықтандыру.
  • Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын дамыту үшін қосалқы шаруашылықты дамыту.
  • Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына: зейнеткерлерге, мүгедектерге, ұлы отан соғысы ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға қолдан келгенше көмек көрсету.
  • Ауылдағы шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал көрсету.
  • Жас мамандарды тарту .
  • Ауыл тұрғындарының салауатты және мәдениеті өмір салтын сақтауын барынша қолдау.
  • Ауылдағы ветеринариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты ықпал етуге бар күшімді саламын.
  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуметтік бағытын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұсаймын.
  • Барлық іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерімді қойылған мақсаттарды  орындауға  жұмсаймын.