Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сайлауға дайындықты бақылау туралы
Басты Сайлау Сайлауға дайындықты бақылау туралы

2019 жылы 15 мамырда «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жоспары шеңберінде элекрондық  оқыту бойынша Шарбақты аудандық учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

АСК жүргізген тіркеу нәтижесі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының 150-ден астам мүшелері, соның ішінде төрағалар, депутаттар және хатшылар қатысты. Шараны Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Р.А.Неғманова ашып, семинар-кеңестің тақырыбы және күн тәртібімен таныстырып шықты. 

Күн тәртібі бойынша алғы сөзді алған полиция бөлім бастығының орынбасары Мұқанов Ақылбек Аманжолұлы семинарға қатысушыларға алдағы Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезіңде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша  полиция бөлімінің  жоспарына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларында кезекшіліктер ұйымдастырылатынын айтты.      

Екінші  сұрақ бойынша  Шарбақты аудандық төтенше жағдайлар  жөніндегі  бөлімінің басшысы Баяхметов Ақылбек Нигметоллаевич сөз сөйледі.  Өз баяндамасында сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігін сақтауда іс-шаралар әрекетінің алгоритм айта келе,  өртке қарсы қызметті жүзеге асыруға бағытталған шаралар қандай болуы керектігін түсіндірді.

Келесі баяндамашы Омарғалиев Әділет Мәдинетұлы, ҰҚК басшысы (Шарбақты ауданы бойынша) учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне сайлау учаскелерінде күдікті объектілер табылған жағдайда, терроризм актісі туралы жасырын қоңырау соғылған жағдайда, жарылғыш зат салынған құрылғыларға қатысты тәртіп ережелері туралы нұсқаулар берді. Баяндамашы стандартты емес жағдай болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының әрбір мүшесінің мінез-құлық ережесін егжей-тегжейлі сипаттады. Ол комиссия мүшелеріне тарапынан туындаған  барлық сұрақтарға жауап берді және кері байланыс үшін байланыс мәліметтерін қалдырды.

Төртінші баяндамашы, ХҚКО бөлімінің қызметкері Наталья Заозерная сайлаушылар тізімінде сайлаушы аты жөні болмаған кезде сайлау күні ХҚКО мен учаскелік сайлау комиссиясы арасындағы өзара іс-қимыл механизмін түсіндірді.  Ол мекен-жайы анықтамаларын беру бойынша жұмыс алгоритмін, ХҚКО қызметкерлерінің телефондарын көрсетіп, сайлау қарсаңындағы кері байланысты тексеруді рәсімдеуді атады.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Масальская учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне таратылған материалдарды  сайлаушының тіркеуді растауын және ХҚКО-ға азаматты тіркеу орны туралы анықтамалық үлгідегі сұранымның үлгісімен таныстырды.

Келесі сөз сөйлеушісі, «Қазақтелеком» АҚ-ның инженері Гумарова Гүлнар Велдановна, «Қазақтелеком» АҚ-ның коммуникация қызметімен қамтамасыз ету, телефон және Интернет байланысымен жабдықтау мәселелер туралы мәлімдеді, одан әрі учаскелік сайлау комиссияларындағы туындаған мәселелерді белгілеуге арналған жұмыс көлемін анықтады. Ол учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне сайлау учаскелерінде  жұмыс кезінде осы процесті мұқият қадағалауды өтінді, және дер кезінде хабарлауды, сонымен қатар тексеру жұмыстары жүргізілетінін еске салды.

Аудан әкімінің  орынбасары  Ризагүл Неғманова,  аудан әкімінің  аппарат басшысы Гүлнар Жакишева, учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен диалог барысында ұйымдастыру мәселелері, және де материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Олар Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге құзыреттілігі мен сауаттылығы үшін учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің әрқайсысының жауапкершілігін еске салып, оларды осы бағытта жұмысты күшейтуге шақырды.

Семинар сайлау учаскелерінде сайлау күні өткізілетін іс-қимылдарды көрсететін рөлдік ойындармен  жалғастырылды. Іс-шараның модераторы А.Ж.Қасенова және С.Е.Абулхаирова ойынға қатысушыларға дауыс беру күнінде туындауы мүмкін стандартты емес жағдайларды ұсынды және бұл жағдайда учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің мінез-құлық үлгісін көрсетуді сұрады. Ойынның соңында пікірсайыс өткізілді: ойынға әрбір қатысушының  әрекеті,  жабдықтарды қолдану,  ықтимал мәселе туындаған жағдайларды шешу жолдары талқыланды.

Іс-шара учаскелік сайлау комиссияның барлық мүдделі мүшелеріне жеке кеңестер өткізу туралы ұсынысымен аяқталды.