Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сайлау кезеңіндегі оқыту
Басты Сайлау Сайлау кезеңіндегі оқыту

2019 жылғы 29 сәуір күні «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының залында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жоспары шеңберінде  Шарбақты аудандық учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен сайлау алды семинар-тренинг өтті.

ЖСК жүргізген тіркеудің нәтижесінде 50-ден астам адам қатысты: комиссия  төрағалар, орынбасарлары және хатшылары.

Іс-шараны аудандық аумақты сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Масалская ашып, сөз сөйледі. Алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудегі маңыздылығын айта  келе  комиссия мүшелерінің сауаттылығы және біліктілігіне назар аударды.

Өз сөзінде ол қаржыландырудың кейбір аспектілерін айтты, аудандық сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасының қолданыстағы мәселелерін талқылады.

Екінші баяндамашы, Касенова Әсем Жұмабекқызы баяндамасында  нормативтік-құқықтық базасына тоқтала, оның негізінде әрбір УСК өз қызметін атқарған кездегі жүзеге асыруға тиіс мәселелерді қозғады. Онымен қоса ол семинарға қатысушыларға аудандық комиссиялардың жұмысы кезінде  жүргізілетін істер номенклатурасы туралы түсіндірді және барлық семинарға қатысушыларға  іс жүргізу құжаттама үлгілерін таратты.

Үшінші мəселеде  бойынша ЖСК-ның мүшесі С.Е.Абулхаирова баяндама жасады.  Өз баяндамасында УСК-ның жоғары тұрған сайлау комиссияларымен, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара байланыс және қатынас туралы әңгімеледі. Және де  учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің бақылаушылармен, сенім білдірілген адамдармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қарым-қатынас жасау ережелерін айтты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының қызметкері ретінде С.Е.Абулхаирова мүмкіндігі шектеулі азаматтармен  қалай жұмыс жасау қажеттігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар  тарпынан туындаған сұрақтарына жауап берген  баяндамашы УСК-ның мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы мәселе бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндірді (сайлау күніне дейін және сайлау күні).

Семинарға  қатысушылармен шараның практикалық бөлігін аудандық  аумақты сайлау комиссиясының  хатшысы A.С.Омарова жалғастырды. Семинарға  қатысушыларымен бірге сайлау күні сайлау учаскесінде жабдықтар мен жиһаздарды орналастыру, дауыс беру рәсіміне қажетті құжаттардың тізімі, дауыс беруді ашу, бюллетеньдермен жұмыс жасау, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады және түсіндірді.

Баяндамашы  УСК мүшелерінің жұмыс уақытының алгоритмін еске сала отырып,  тізім үлгілерімен таныстырды.Семинарға қатысушылар  алдағы өтетін сайлауда  хаттамаларды  қалай толтыру  қажеттігіне назар аударды.  Үлгілерімен  танысты.

Шарбақты ауданының УСК мүшелерін аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы арқылы оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, бекітілген жоспарға сәйкес жалғасатын болады.