Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі кеңес
Басты Сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі кеңес

2019 жылғы 22 сәуірде «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және оны өткізу туралы мәжіліс өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Р.А.Неғманова, мәслихат хатшысы С.Шпехт, аудан әкімінің аппарат басшысы Г.Е.Жакишева, Шарбақты ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Масалская және ауылдық округ әкімдері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар  сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, мүгедектердің сайлау құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кедергісіз ортаны құру мәселелері талқыланды.

Іс-шараның спикерлері учаскелік сайлау комиссияларының қызметінің негізгі бағыттарын, аудандық аумақтық сайлау комиссияларымен, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесудің нысандары мен әдістерін анықтады.

Семинарға қатысушылар сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысушылардың жауапкершілігі мен маңыздылығын айқындады.

Іс-шара ауылдық округ әкімдері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, семинарға қатысушыларының кезекті отырысының күн тәртібіне арналған бірқатар мәселелерді айқындайтын семинар спикерлерінің жеке кеңестермен  аяқталды.