21 Сентября
, 05:14
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округінің әкіміне кандидат Байханова Алия Ислямовна
Басты Сайлау Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округінің әкіміне кандидат Байханова Алия Ислямовна

байханова

Өмірбаяны

 

Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы 1988 жылы 10 сәуірде дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі: жоғары заңгер.

2005 жылы Успен № 1 орта мектебін аяқтады, 2005-2007 ж.ж. құқықтану және халықаралық қатынастар Қазақ институтында оқыды, 2007 - 2009 жылдары еңбек және әлеуметтік қатынастар Қазақ академиясының  «Құқықтану» заңгер мамандығы бойынша оқып аяқтады.

Еңбек қызметін 2010 жылғы сәуір айынан бастап  Шарбақты ауданының ІІБ кеңсе жетекші маманы болып бастады.

2011 жылғы наурыздан   қарашаға дейін - Павлодар облысының ІІД заң бөлімінің жетекші маманы;

2011 жылғы қарашадан 2012 жылғы ақпанға дейін Павлодар ауданының ІІБ миграция полиция тобының жетекші маманы;

2012 жылғы ақпаннан  маусымға дейін - Павлодар облысының ІІД заң бөлімінің жетекші маманы;

2017  жылғы  желтоқсаннан  жылғы шілде айына дейін  «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқық бөлімінің әдіскері;

2017 жылғы шілдеден  2018 жылғы тамыз айына дейін  «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ бас маманыны

2018 жылғы тамыздан - қазіргі уақыттаң – Шарбақты ауданы әкімінің аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Тұрмыста, бір бала тәрбиелеп отыр.

 

Үміткердің сайлауалды бағдарламасы

 

Менің сайлау алды бағдарламамда негізінен:

  1. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;

әлеуметтік - бағдарланған нарықтық механизміндегі заңдылықты нақтылау;

  1. Кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдіктермен қамтамасыз ету, азаматтарға мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасуға және оқытуға жәрдемдесу;
  2. Жас ұрпаққа қамқорлық жасау және оның салауатты өмір салты ұстануға шақыру және жұмыспен қамту;
  3. Аз қамтылған азаматтар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасау.
  4. Басқа діни ұлт өкілдеріне деген мейірімділік пен құрметі насихаттау. жастарға төзімділік принциптерін үйрету.
  5. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жөнінде жұмыс жасау, Қазақстанның халықтарының ресми және басқа тілдерін үйлесімді дамуына жағдай жасау, барлық ұлттар мен этникалық топтардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен дәстүрін құрметтеу және дамыту.
  6. Ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар: жолдарды жөндеу, жас отбасыларға тұрғын үй салу, көшелер мен аулаларды жарықтандыру және ауылды көгалдандыру.
  7. Ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына және мәдени қызметіне жан-жақты қолдау көрсету.