Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Нургалиева Асель Адиловна № 1 Александровка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаты
Басты Сайлау Нургалиева Асель Адиловна № 1 Александровка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаты

ааааа

Өмірбаяны

 

1981 жылы 28 тамызда Павлодар облысы Краснокутский ауданы Спартак ауылында дүниеге келген.

2013 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Информатика» мамандығы бойынша бітірді.

2006 - 2008 жылдары Ертіс ауданындағы Амангелді жалпы орта білім беру мектебінің іс-жүргізушісі.

2008 - 2010 жылдары  «Ертіс ауданының Амангелді ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.

2011 - 2012 жылдары - Ертіс ауданындағы Амангелді жалпы орта білім беру мектебінің хатшысы, психологы.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін - «Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесінің суретші-дизайнері, содан кейін әдіскері қызметін атқаруда.

Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасы:

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі ұстанымдары:

- ауылдың, ауданның қоғамдық және мәдени өміріне қатысу үшін жастарды тарту;

- жастар арасында құқықтық және экономикалық мәдениеттерін, қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

- жас мамандарды жұмыспен қамту және баспана алуға жағдай жасау, жастардың ауылдан кетуіне жол бермеу;

- бала мен ананы қорғау, жас отбасыларды қолдау;

- ауылдың тұрғындарына бос уақытын өткізуге іс - шаралар мен демалыс орындарын ұйымдастыру,

- мектептер мен балабақшаларды, кітапханаларды және басқа да балалар мекемелерін материалдық қолдау көрсету;

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

- зейнеткерлерді, жастарды және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейту;

         - шағын және орта бизнестің және жеке ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына жәрдемдесу;

- ауылдың көгалдандыруы, жолдарын жөндеу, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.