Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қанат Тоғжан Қабышқызы №1 Александровка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаты
Басты Сайлау Қанат Тоғжан Қабышқызы №1 Александровка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаты

ыввв

Өмірбаяны

 

1989 жылғы 25 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылында туған.

Білім жоғары, 2014 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетін «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша бітірді.

2014 жылы тамыз айынан бастап еңбек жолын Шарбақты аудандық  орталық ауруханада жалпы тәжірибелі дәрігер болып бастады.

2014 - 2015 жылдары Шарбақты аудандық  орталық ауруханада жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқарды.

2015 - 2017 жылдары Шалдай ауылдық дәрігерлік амбулаторияда жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқарды.

2018 жыл басынан осы уқытқа дейін Шарбақты аудандық  ауруханада жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқаруда.

 

Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасы:

 

Облыстық мәслихаттың депутаты болсам ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарын күшейтуге уәде беремін.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі ұстанымдары:

- ауыл тұрғындар  үшін сапалы медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз ету;

- ана мен баланы қорғау;

- жергілікті бюджеттен қосымша қолдау есебінен зейнеткерлер үшін лайықты қарттықты қамтамасыз ету;

- жастар бағдарламаларын дамытуға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын насихаттауға;

- аймақтағы экологияға, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуге көмек көрсету, оны қорғау бойынша нақты шаралар қабылдау;

- мемлекеттік субсидиялар мен демеушілік көмегімен мектепке дейінгі мекемелерде төлемдерін арзандату;

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

- зейнеткерлерді, жастарды және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейту;

- зейнеткерлерге, аз қамтамасыз етілген жандарға арналған дүкендерде әлеуметтік бөлімшелердің ашылуы;

- ауылдың көгалдандырылуы, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көшелерді көгалдандыру.