19 Сентября
, 05:25
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
№1 Александровка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаты Жанабаев Алмас Темирболатович
Басты Сайлау №1 Александровка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаты Жанабаев Алмас Темирболатович

ыыыыы

Өмірбаяны

1985 жылы 10 шілдеде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Сүгір ауылында туған.  2003 жылы Шарбақты ауданының Северный орта мектебін бітірді. Ұлты қазақ, білімі жоғары – 2007 жылы Павлодар мемлекеттік институтын «Экономика және құқық негіздері, тарих мұғалімі» бойынша мамандығын бітірді. 2012 жылы Инновациалық Еуразиялық  Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 

2007-2008 жылдары ҚР ҰҚК шекара қызметін шұғыл әскері қызмет қаратында борышын атқарды.

2007 жылы Потанина атындағы Павлодар тарихи - өлкетану мұражайына ғылыми қызметкер ретінде еңбек жолын бастады.  

2009-2010 жылдары Шарбақты ауданының Малиновка ЖОМ мұғалімі.

2010-2011 жылдары «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің жетекші маманы:

2011-2013 жылдары аудан әкімінің БАҚ және қоғамдық байланыс бойынша көмекшісі;

2013-2014 жылдары аудан әкімінің аппаратының азаматтық қорғаныс және  төтенше жағдайлар, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы бойынша кеңесшісі;

2014-2017 жылдары «Шарбақты  ауданының  ішкі  саясат   бөлімі» ММ-нің басшысы болып қызмет атқарды.

2017 жылғы шілде - тамыз айлары «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-нің бас маманы.

2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қаңтар айына дейін Алексеевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы.

2018 жылғы 26 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін  Алексеевка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.  

Үйленген, қызын тәрбиелеуде.

 

Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасы:

Бірлік пен келісім

Мен ауылда туып өстім. Маған  келешекте ауылдың жағдайы не болатыны аландатады.  Мен ауылдық жерлердің  дамып және гүлденуін көргім келеді!

 

Сайлауға түсу себебім:

Аудан тұрғындарының өмірін тұрақтылығына  байланысты шешімдер қабылдау;

Сайлаушыларға олардың заңды мүдделерін қорғауға көмектесу;

 

Ауданның дамуына өркендеуіне қызмет жайсайтын тұрығындармен тығыз байланыста жұмыс жасау;

 

Осыған сенімдімін:

Әркім өз еңбектеніп  лайықты өмір сүруге және әлеуметтік кепілдіктер алуға тиіс;

Әлеуметтік қызметтердің, әсіресе ардагерлер мен зейнеткерлердің, мүгедектердің, аз қамтылған азаматтардың, толық емес және көпбалалы отбасыларының медициналық қызметке  қол жетімділігі мен сапалы болуына басымдылық таныту;

Отбасылар ана мен баланың қорғалуына мемлекеттің қолдауы көрсетіп жатқанның сезіну маңызды;

Кәсіпті таңдау, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жастарға көмек көрсету;

Салауатты өмір салты, спорттық және дене шынықтыру тәрбиесі жастардың өмірлік ұстанымы болуы керек!

 

Мына сұрақтарды шешуге басымдық беремін:

Әрбір көшені, саябақты, ауылды көгалдандыру, жетілдіру;

Барлық көшелерді, көршілес аумақтарды жеке шаруашылықтарға, ойын алаңдарына және ауданымыздың парктеріне кешенді түрде жаңарту мен  жетілдіру;

Барлық әлеуметтік нысандарда велосипедтер үшін тұрақ орындарын ұйымдастыру;

Ауданның ауылдық жерлеріне кірме жолдарды жөндеу;

Ауданның көше қиылыстары мен алаңдар,  ауыл көшелерін  жарықтандыру;

Жергілікті полиция инспекторының және қоғамдық ұйымдардың адал еңбегін арттыру арқылы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

Адамға қамқорлық жасау және оның проблемаларын шешудегі нақты көмек - менің басты мақсатым.

 Депутат және оның қызметі әрдайым ашық болуы керек және әрбір сайлаушы үшін қол жетімді болуы керек.

Мен сайлау округтарының аумақтарын дамытуға барлық күш пен қуаттымды жұмсаймын!