Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаты Жаров Жанат Қабиболлаұлы
Басты Сайлау Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаты Жаров Жанат Қабиболлаұлы

                            

                                                              Өмірбаян

 

 1988 жылы 2 сәуірде  Павлодар облысы Шарбақты ауданы Құлат ауылында туған.  

2010 - 2012 жылдары Павлодар инновациялық көп салалы колледжінде «Қаржы» мамандығында оқып,«Қаржы жұмысындағы экономист» біліктілігі берілген.

2015-2018 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті мамандығы бойынша «Қаржы» мамандығы  бойынша «Бакалавр» дәрежесін алған.

2007 - 2008 жылдары ҚР ҚК әскери қызметін атқарды.

2009 - 2013 жылдары - «Күзет-Моторс» ЖШС-нің күзетшісі.

04.2013 жылдан 05.2015 жылға дейін РММ МОТР Ертіс-Орманы ӨСС Галкин орманында өрт бақылаушы.

2013 - 2016 жылдары – «Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін – «Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

05.2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша  бас маманы (2013 жылғы қазанның 1-нен қазіргі уақытта «Б» әкімшілік мемлекеттік қызметтемін)

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:

 

Егер мен Шарбақты ауданының Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, менің бағдарламамды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын:

-  ауылдық елді-мекенді жақсарту, санитария, ішкі жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру

- жас отбасыларды қолдау және жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу;

-  жеке шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары кредиттеу және ынтымақтастық арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту;

- салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спортты жүргізу үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

- халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру;

  • ауылдық округтегі әлеуметтік нысандардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мәселелерін тез арада шешу
  • Жаров Жанат Кабиболлаевич