Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаты ӘЛЖЕКЕЕВ Қайратбек Сламбекұлы
Басты Сайлау Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаты ӘЛЖЕКЕЕВ Қайратбек Сламбекұлы

1958  жылы 18  қазанда  Павлодар облысы  Ақсу ауданының  (бұрынғы Ермак)  Аманкелді  ауылында  өмірге келген.  Білімі  жоғары: «Инженер- зоотехник», «Заңгер».  Еңбек жолын 1981  жылы  Майқарағай  асыл тұқымды  шаруашылығында техник- ұрықтандырушы  болып  бастаған.

1987-2002  жылдар  аралығында « Қарабидай»  ұжымшары, «Қарабидай»  тұтынушылар одағы, «Қарабидай»  ЖШС-ында  жауапты қызметтер  атқарған.

2002-2013  жылдары  Қарабидай ауылдық  округінің  әкімі.

2013-2016 жылдары  Татьяновка  ауылдық округінің әкімі.

2016  жылдан қазірге дейін «Нұр Отан» партиясының аудандық  филиалы  төрағасының бірінші  орынбасары.  Үйленген,  үш баласы  бар.

 

Кандидаттың  сайлауалды бағдарламасы

Сайлауалды  бағдарламамның негізгі  бағыттары  мыналар:

-ауылды  көріктендіру;

- мал шаруашылығын дамыту үшін  шаруа қожалығының  басшылары арасында  түсіндірме  жұмыстарын жүргізу; 

-жеңілдікке  мұқтаж санаттың  тұлғаларын  қолдау  және қорғау;

 -жастар  үшін  жаңа  жұмыс орындарын  ашу  мүмкіндігін қарастыру;

-шағын  және  орта  бизнесті дамыту  үшін  кәсіпкерлерге жеңілдікті  несиелерге  қол жеткізуге  көмек  көрсету, жастардың  бос  уақыттарын  тиімді өткізу  үшін  іс-шаралар ұйымдастыру;  медициналық қызмет  сапасын  жақсарту,  еңбекке орналастыру  арқылы  ауылдық округтердегі  аз  қамтамасыз етілген  отбасылар  санын  азайту;

Ауыл  шаруашылығын  қолдау бағыты   бойынша Жылы-Бұлақ   ауылдық округінің кооперативтерін дамыту.

 Өкілетті  және  құқық  қорғау органдарымен бірлесе  отырып, ауыл тұрғындарының  өмір  сүру сапасын жақсарту,  өңірдің  әлеуметтік- экономикалық  дамуы  үшін жұмыс істеу.