Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидаттардың өмірбаяны
Басты Сайлау Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидаттардың өмірбаяны

                  

                                       Павлодар облысы Шарбақты ауданы

                                        Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидат 

                                         ЖАНАЙДАРОВ КАИРГЕЛЬДЫ ДАКЕНУЛЫ

Өмірбаяны 

Жанайдаров Қайыргелді Дәкенұлы 1963 жылы 2 қараша күні Ботабас ауылында туған.

1981 жылы Бескарағай орта мектебін тәмәмдады.

1982 - 1984 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын атқарды.

1984 - 1986 жылдары Шымкент арнайы орта КСРО ІІМ еңбекпен түзеу мекемелер басшы құрамының мамандығын дайындау бойынша мектебінде Заңгер құқықтанушы маманы бойынша оқыған.

2003 - 2006 жылдары Қарағанды Экономикалық Университетінің экономика саласы бойынша "Заңтану" мамандығын аяқтады.

Еңбек жолын 1986 жылы  ІІБ Павлодар облыстық атқару комитетінде еңбекті ұйымдастыру бойынша инженер болып бастады.

1993 жылдан Павлодар облысы бойынша Кеден басқармасы, Шарбақты кеден бекетінің бастығының орынбасары болды.

2002 жылдан Павлодар облысы сот Әкімшісінің Шарбақты ауданының аумақтық бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2016 - 2017  жылдары "Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып қызмет атқарған.

2017 жылдан  бастап "Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарып келеді.

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

                Қоғамның дамуына рухани - адамгершілік құндылықтар қомақты рөлге ие!   Бұл құндылықтар - біздің ұлттың қайнар көзі, түп-тамыры, сарқылмас бұлағы. Туған жер мен ауыл біз үшін киелі ұғым! Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жәрия етті.

                «Ауыл» партиясы үшін, басты мақсат – халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын дамыту, Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, «Мәңгілік Елді» нығайтып, бекіту!

                Казіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері уақытында және нақты жауап беруді талап етеді.

                Ауылдың мәселесі мен үшін жаңалық емес, сондықтан, «Ауыл» партиясының бағдарламасына сүйене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойып отырмын:

             1.Білім - Қазақстан қоғамының рухани жоғары деңгейі, қазақ халқының тереңде жатқан адамгершілік құндылықтарын сақтау, ел азаматтарының әлеуметтік өсуінің міндетті шарты! Біз қазақ халқының жаһандану желімен солғын тартып бара жатқан ұлттық-мәдени қайнар-көзін қайта жаңғыртуымыз қажет!  Халықтың берік рухани желісі, қоғам мен мемлекеттің жасампаздық үрдісінде ерекше рөл атқарады. Жоғары оқу орындарында білім алуға қаралған квота мен гранттар қатарын көбейтуге жағдай жасау. Ауылға қажетті мамандықтар үшін жоғары оқу орындарында мектеп бітірушілерге бюджеттік квота бөлу. Квота аясында оқу бітірген әрбір түлек ауылға оралғанда, қала стандарттарына сәйкес өмір сүру жағдайына сенімді болуы қажет. Заңдық тұрғыда әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау арқылы, ауыл мұғалімінің мәртебесін көтеру.

2.Ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған іс- шаралар кешенін жүзеге асыру. Ауылдағы ауыл шаруашылық саласына жатпайтын өзге де бизнес түрлерін мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру.

3.Халықтың денсаулығы – мемлекет қызметін бағалаудың ең маңызды критерийлерінің бірі. Бұл мәселені шешу  денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде жақсартуды және халыққа медициналық көмек көрсетуді қажет етеді. Көрсетілетін медициналық көмек қызметі ұлттық стандарттар деңгейінде болуы тиіс. Әсіресе медициналық мекеменің материалды-техникалық базасын дамытуға, медициналық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау сапасына көңіл бөлінуі қажет.

4.Жастарға – жол ашамыз! Жастар - ел болашағы!  Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек!  Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Жастардың білім, тұрғын үй, жұмыска орналасу тәрізді өзекті мәселесін шешуге қауқарлы жастар саясатын жүзеге асыру. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға жастарға нақты әлеуметтік кепілдіктер беретін өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.

 

 

   

                                       Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидат                                        

                                          Идрисов Асанали Гадылжанович

 

                             Өмірбаян

 

 1980 жылы 11 қаңтарда  Павлодар облысы Май ауданы Белогоря ауылында туған.  

1998 - 2001 жылдары Павлодар көлік және коммуникация колледжі, «Құқықтану» мамандығы  бойынша «Заңгер» біліктілігі берілген.

2004-2017 жылдары  Инновациялық Еуразия университеті мамандығы бойынша «Құқықтану» мамандығы  бойынша «Бакалавр» дәрежесін алған.

1998 - 1999 жылдары Шарбақты балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

1999 - 2003 жылдары - «Канима» ЖШС-нің жүргізушісі.

2003 жылдан 2005 жылға дейін Шарбақты аудандық сот приставы болды.

2005 - 2007 жылдары - Павлодар облысы Сот әкімшілігінің сот орындаушыларының Шарбақты аудандық бөлімшесінің сот орындаушысы.

2007 жылғы сәуірден 2009 жылғы сәуір аралығында Шарбақты аудандық сот приставы.

2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Шарбақты аудандық сотының аға сот орындаушысы.

2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша  бас маманы (2003 жылғы шілденің 7-нен қазіргі уақытта «Б» әкімшілік мемлекеттік қызметте)

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:

 

Егер мен Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, менің бағдарламамды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын:

- ауылдық округті кешенді жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру;

- бұқаралық спортты дамытуды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ету, жастар бастамаларын және жобаларын қолдауды қамтамасыз ету;

- кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, шағын және орта бизнесті дамыту;

- ауылдық жерлердегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық;

- азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмысқа орналасуға және оқытуға көмек көрсету.

 

 

                                                            Павлодар облысы Шарбақты ауданы

                                                  Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидат

                                                               Кожимов Марат Александрович

 

                                                                                         Өмірбаян

1986  жылы 12 маусымда Павлодар облысының Павлодар қаласында туған. 2004 жылы Шарбақты ауданының №1 жалпы орта білім беру мектебін бітірген. Қазақ. Білімім жоғары.

2006 жылы заң және қаржы колледжінің «Қаржыгер және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірді.

2010 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын  2006 жылы  «Шарбақты ауданының спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтері ретінде бастады.

2007 - 2008 жылдары  «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері.

2008 - 2009 жылдары «Шербақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің инспекторы.

2009 - 2011 жылдары  «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

2011 - 2017 жылдары «Шарбақты ауданы Шарбақты ауыл әкімінің аппараты» ММ-нің  Шарбақты ауылы әкімінің орынбасары.

Қазіргі уақытта «Шарбақты ауданы Шарбақты ауыл әкімінің аппараты» КММ-нің  Шарбақты ауылы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарамын.

Үйленген, бір бала тәрбиелеп отыр.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:

Егер мен Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, менің бағдарламамды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін ұстанымдар:

  1. Президент пен Үкіметтің қойған міндеттерін сапалы және тиімді іске асыру;
  2. Жеке шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары кредиттеу және ынтымақтастық арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту;
  3. Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру;
  4. Жас отбасыларды қолдау және жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу;

5.Ауданның ауылдық елді-мекендерін жақсарту, санитария, ішкі жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру;

  1. Салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спортты жүргізу үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

7.Ауылдық округтегі әлеуметтік нысандардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мәселелерін тез арада шешу.

 

 

 

 

 

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Шалдай ауылдық округінің

әкіміне кандидат

 

ПШЕМБАЕВ КАЙРАТ МЕРУАНОВИЧ

 

Өмірбаяны

 

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылында 1980 жылы   12 сәуірде дүниеге келді. Білімі жоғары, заңгер.

1986 жылы Шалдай орта мектебін бітірді.

1999 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Павлодар  қаласының көлік және байланыс колледжін бітірген. 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер-құқықтанушы» маманын алды.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының  Ішкі әскери қызмет атқарған.

Еңбек қызметін 2003 жылы «Ертіс орманы» МОТР РММ-сінде жүргізуші  ретінде бастады.

         2006 жылдан бастап 2014 жылға дейін Шарбақты ауданың Ішкі істер бөлімінде қызмет жасады.

2014 жылдыан 2015 жылға дейін «Күзет» ЖШС-нің қызметкері.

2015 жылдың сәуір айынан бастап «Ертіс орманы» МОТР РММ-сінде орманды қорғау бойынша бас инженері болып қызмет жасайды.

Азаматтық некеде, екі бала тәрбиелеп отыр.

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:

Мен тұрғындардың әл-ауқатын және ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға  барлық тәжірбиемді және шараларды, білімімде қосамын, сондықтан менің сайлауалды бағдарламам:

-тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және оларды жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

-жаңа жұмыс орындарын құру;

-ауыл жастарының мәдени сауық ұйымдастырумен айналысуды, спортты дамытуды және адамдардың салауатты өмір салты, жастарды жұмыспен қамтуда шешімін табуға қатысу;

-біздің ауылды абаттандырумен айналысу, ауыл арасындағы жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру;

-жергілікті өзін-өзі басқару органы қызметтерінің бағыттарын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолдану.