Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
2018 жылғы 6 сәуірдегі Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Басты Сайлау 2018 жылғы 6 сәуірдегі Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

2018 жылғы 23 ақпандағы

Шарбақты аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

қауылысына

№1  қосымша

 

2018 жылғы 6 сәуірдегі  Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің  әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

                                                                        (т.3 б.36-1)**

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.                                                                                          

(т.3 б.36-1)**

                                                                    (т.4 б.13)*

 

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына Шарбақты аудан әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

 

Аудан әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын -

2018 жылғы 7 наурыз басталады және

сайлау күніне 25 күн қалғанда - 

2018 жылғы 11 наурыз сағ. 24.00. аяқталады.

(т.3 б.36-1)**

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда -

2018 жылғы 30 наурыз                                                                                                                                                                                                                                   

 

(т.10 б.36-1)**

 

5.  Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы  3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Үш күннің ішінде.

                                                                        (т.3 б.36-1) **

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2018 жылғы бірінші наурыздағы табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

                                                                          (т.3 б.36-1) **

7.  Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

                                                         

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 

2018 жылғы 22 наурызда  24.00. аяқталады.

(т.4, т.т 2 т.5 б.36-1)**

8. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей. (2017 жылғы 30 маусым )

(т.т.1, т.5, б.36-1)**

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

(т.3 б.36-1)**

10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

                                                              (т.т.2, т.7, б.36-1)**

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде

үй-жайлар беру.

        Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны    бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(т.т 1 п.7, т.т.2 т.8, б. 36-1)**

(28 б, 4т)*

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi - 2018 жылғы 4 сәуірде жергілiктi уақыт бойынша 24.00 сағатта аяқталады.

(т.7, б.36-1)**

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.                    

 

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде. (2010 жылғы 19 тамыздағы Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясының  

№7/8 қаулысы)

  (т.9, б.36-1)**

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.                  

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

  (т.9, б.36-1)**

15. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

                                                           

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

2018 жылы 6 сәуірде дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

                                                           (т.10, б. 36-1)**

(т. 4, б. 40)*

 

 16. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Бір күннің ішінде - 2018 жылғы 6 сәуірде      

                                                           (т.10, б. 36-1)**

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді Шарбақты ауданының әкіміне және тиісті Шарбақты аудандық мәслихатқа ұсыну.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде -

2018 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей.

                                                           (т.11, б. 36-1)**

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

 

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей  - 2018 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей.

                                                           (т.9, б. 36-1)**

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

 

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей -

2018 жылғы 12 сәуірден кешіктірмей.

                                                           (т.11, б. 36-1)**

 

Ескертпе: 

* Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңына сәйкес.

** Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148-ІІ Заңының 36-1 бабына сәйкес қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.