Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Басты Хабарлама! Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

№4920 от 09.02.2016 ПО ӘД тіркелді

 

 

Шарбақты ауданының

Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын  белгілеу туралы

 

 

 

Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн – өзi басқару туралы» Заңының  35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына,  Шарбақты ауданының  мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының  2016 жылғы  21 қаңтардағы  № 2-19/77 ұсынымы негізінде, жануарлардың  құтырық ауруларының  алдын алу және жою мақсатында Шарбақты ауданының Шарбақты ауыл әкімі ШЕШТI:

  1. Шарбақты ауданының  Шарбақты ауылында ірі қара малдың құтырықпен ауруы пайда болуына байланысты, Ленин көшесінің Орджоникидзе көшесімен қиылысына дейін солтүстік жағынан, 9 Май көшесіне дейін оңтүстік жағынан, Вокзальный көшесінен 1 Май көшесімен қиылысына дейін батыс жағынан және Садовый көшесіне дейін шығыс жағынан шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шарбақты ауылының әкімі                                             Қ. Мүскенов

 

 

 

 

Келісілді:

«Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

2016 жылғы 22 қаңтар

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ.Дәулетбаев

 

 

 

Келісілді:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық  инспекция басшысы

2016 жылғы 22 қаңтар

 

 

 

 

 

 

 

                                  

                                 Г.Фисенко

 

 

 

Келісілді:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Шарбақты ауданының  тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы
2016 жылғы 22 қаңтар

 

 

 

 

 

 

М.Айғазинов