Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына арналған ақпарат
Басты Хабарлама! «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына арналған ақпарат

2015 жылғы 10 тамыздан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелері «Валют-Транзит Банк» АҚ-дағы Сіздердің депозиттеріңіз бойынша қосымша өтеу төлемдеріне өтініштерді қабылдайды. Бұл кезең ішінде 2,5 мыңнан аса салымшылар өз ақшаларын алу үшін өтініш жасады.

Осыған байланысты, «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына депозиттер бойынша төлемдер әлі де жасалып жатқанын еске саламыз. Депозит бойынша 5 миллион теңгеге дейінгі ақша қалдығын алу үшін (ол бойынша есептелген сыйақы ескерілмей)  «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелер тізімімен www.kdif.kz сайтында танысуға болады немесе «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКҚ) жедел желісінің 8 800 080 10 20 нөмірі бойынша анықтауға болады.

«Валют-Транзит Банк» АҚ бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);
  • мұрагерлерге – мұраға алу құқығын растайтын құжаттар;
  • өкілдерге – нотариалдық куәландырылған сенімхат;
  • жағдайға қарай Сіздердің талап ету құқықтарыңызды растайтын басқа да құжаттар.

«Банк ЦентрКредит» АҚ барлық растайтын құжаттар түскен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төлем жасалады.

Қалған салым сомасы мен салымдар бойынша сыйақы сомасы туралы ақпаратты алу үшін салымшылар «Валют-Транзит Банк» АҚ Тарату комиссиясына Қарағанды қаласы, индекс 10000, Бұхар Жырау даңғылы, 51/1 мекенжайы, 8(7212) 996405 телефоны бойынша өтініш жасау қажет.

Толығырақ ақпаратты ҚДКҚ жедел желісінің 8 800 080 10 20 нөмірі бойынша немесе агент банкінің бөлімшелерінде алуға болады (Қазақстан бойынша қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін).