Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! (мемлекеттік кірістер басқармасы)
Басты Хабарлама! Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! (мемлекеттік кірістер басқармасы)

Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүліктерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі мүліктерді, заңдастыру акциясының басталғанын естеріңізге салады. Акция 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Азаматтарға еліміздің аумағындағы және шет елдердегі мүліктерін заңды айналымға енгізуге мүмкіндік туды. Бұл шара әрі қарай азаматтарға заңдастырылған мүліктен заңды табыс табуға мүмкіндік береді.

Мүліктерді заңдастыру бойынша толық ақпаратты келесі жерлерден алуға болады:

- Қазақстан Республикасы аумағындағы мүліктерді (соның ішінде өздеріңіздің меншік жерлеріңізде салынған, бірақ әлі заңдастырылмаған, құрылыс объектілерін де) заңдастыру бойынша –аудандық әкімшілік жанындағы комиссияға;

- шет елдердегі мүліктерді заңдастыру бойынша – Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында;

 

Анықтама үшін телефон - 8 (718-36) 2-11-81,  2-21-84.

Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы