Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Құрметті Шарбақты аудан тұрғындары!
Басты Хабарлама! Құрметті Шарбақты аудан тұрғындары!

Павлодар облысының Әділет Департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі Шарбақты аумақтық бөлімімен бірге аудан әкімі, ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі, прокуратура және Шарбақты ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұл өндіріп алу жөнінде рейд шаралары өткізіледі. Бүгінгі күні құқық бұзушылыққа қатысты ең қатаң шара қолданылады, атап айтқанда, айыппұлды дер кезінде төлемегені үшін мүлік қайтарып алынады және тәркіленеді, оның ішінде көлік құралдары кейін сатуға қойылады, сонымен қатар  борышкерге бұрын берілген лицензиялар мен рұқсат қағаздары тоқтатылады. Берешектерге қатысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығуға шектеу белгілеу шаралары қолданылады. Сонымен қатар борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту түрінде қамтамасыз ету шаралары қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген санатқа қатысты ауданның барлық азаматтары мен лауазымды тұлғалары осындай деректерді болдырмас үшін мемлекет кірісіне айыппұлды өндіріп алу туралы сот актілері мен өзге де құжаттарды сөзсіз орындауы қажет.