Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Хабарландыру!
Басты Хабарлама! Хабарландыру!

 

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» Заңын қабылдаумен байланысты, осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Қоғамдық кеңесті қалыптастыратын жұмыс тобы Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша өз ұсынысын жасау үшін қатардағы азаматтарға, коммерциялық емес ұйымдарға жүгінеді. Коммерциялық ұйым болып саналмайтын бір заңды тұлғаның атынан, Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайланады.

         Конкурсқа қатысу үшін:

         1) Қоғамдық кеңес құрамына кандидатураны тағайындау туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

         2) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы өмірбаянымен бірге көрсетілген мәліметтер ұсынылады.

         Кандидат сотталмаған, психикалық, нашақорлық және токсикомания ауруына байланысты тіркеуге алынбаған болуы тиіс.

         Ұсынысты 2016 жылғы маусымның 15-не дейін мына мекенжайға: Шарбақты а. Советтер көш.51, 11 кабинетке жіберулеріңізді сұраймыз.

         Электронды пошта: kasһkirova.asһr@pavlodar.gov.kz

         Анықтама телефондары: 22038, 21992.