Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Сыбайлас жемқорлықты сөндіру» акциясы
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар «Сыбайлас жемқорлықты сөндіру» акциясы

«Сыбайлас жемқорлықты сөндіру» акциясы

2017 жылғы 19 мамырда  Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мобильді тобы, Шарбақты ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және өрт сөндіру бойынша бөлімшесі-25, «Шарбақты ауданы әкімдігінің аппараты» ММ және ауданның тұрғындарының қатысуымен «Шарбақты аудандық әділет басқармасы» РММ бастамасымен «Сыбайлас жемқорлықты сөндіру» акциясы өткізілді.

Шара барысында флешмоб өткізілді. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қатысты, мысалы «Пара алу», «Параға сатып алу», «Шегінім» сияқты жазулар жазылған макеттер дайындалды. Барлық  макеттер арнайы ыдысқа салынып, ТЖ қызметкерлері және өрт сөндіру бөлімше-25 қатысуымен өртелінді. Соңында   «Сыбайлас жемқорлықты сөндіру» ұранымен  сөндірілді.

Аталмыш шараның мақсаты: тұрғындарға қол жетерлік түрде мемлекеттік органдардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  атқарылатын жұмыстары туралы жеткізу және  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын және құқықтық санасын  қалыптастыру.

                                                                                          А.Байзакова

                                                                           Шарбақты  аудандық  әділет басқармасының

                                                                        «ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі