Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға атқарылатын шаралар
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға атқарылатын шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға атқарылатын шаралар

 

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі атқару органдардың басшылары өзі құзыреті шегінде кадр, бақылау, заң және басқа қызметтерді тарта отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындауды және осы Заңда  ескертілген  тәртіптік шараларды  қолдануды қамтамасыз етеді, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. Аталған органдар өздерінің  құзіретінен  шығатын шараларды  қолдау тиіс, сондай-ақ, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың анықталған барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы құқықтық статистика және ақпарат органдарына жедел түрде мәліметтер жолдау  тиіс

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңындабелгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады.

 

            Шарбақты аудандық

            әділет басқармасы РММ