Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Кәсіпкерлік саласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар Кәсіпкерлік саласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

Кәсіпкерлік саласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

 

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңымен кәсіпкерлік саласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қарастырылған, айтарлықтай, осы Заңның 16 бабына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:

- шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;

- адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;

- мүдделер қақтығыстарын болғызбау;

- іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.

Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеуі және қабылдауы мүмкін.

 

Шарбақты ауданының ТЖБ, Н. Есимханов