Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Ең қуатты құрал - қоғамның жемқорлықты қабылдамауы
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар Ең қуатты құрал - қоғамның жемқорлықты қабылдамауы

Ең қуатты құрал - қоғамның жемқорлықты қабылдамауы

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы және бес басымдық бағыттарын белгілеген болатын. Бесінші басымдық – институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес – жеке меншікті қорғауға бағытталған, құқықтың үстемдік етуі және заң алдында барлық адамның тепе-теңдігін қамтамасыз ету. 

         Еліміздің жемқорлыққа қарсы заманауи саясаты  серіктестік- азаматтық қоғам институтының ойының айқын әрі ашықтығын білдіреді. Үкіметтік емес заманауи ұйымдар – ең алдымен біздің қоғамның ең белсенді бөлігі болып табылады.

         Еліміздің дамуына үлес қосу, Отанға деген сүйіспеншілік, белсенді танымдық және азаматтық көзқарас, Тәуелсіз Қазақстан тарихында қоғам қайраткерлерінің осындай асыл қасиетінің арқасында, қайта құру кезінде қол жеткізген негізгі жетістіктері болып саналады.

         Азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту, үкіметтік емес ұйымдардың саны мен сапасының артуы, қоғамда жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған іс әрекеттер, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді.   

         Қазақстанда  соңғы ресми деректерге сәйкес 18 мыңнан артық үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, 8 мыңнан артығы жұмыс істейді, оның ішінде 640 құқық қорғау мекемесі бар. Жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру мәселесі бойынша мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдардың саны онша көп емес.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында өткізілген түбегейлі қайта ұйымдастырудың арқасында, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспар, кәсіби ҮЕҰ дамыту үшін құқықтық қажетті жағдай жасалған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктері енгізілген. Еліміздің барлық аймақтарында, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа  қаржы бөлінген.

         Павлодар облысында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылуда, келесі міндеттер белгіленген:

         1) сыбайлас жемқорлық саясаты, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық тәжірибені қолдану, сонымен қатар қоғамның жемқорлықты қабылдамау және бағалау деңгейіне қатысты алынған ақпаратты өңдеу, жинау, қорыту, талдау және бағалау мақсатында, қоғамдық қабылдау жұмысын ұйымдастыру;

         2) «жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызметті алған кезде жемқорлдық тәуекелі мен әкімшілік кедергілердің бар-жоғын анықтау үшін қоғамдық тексеру жүргізу;

         3) мемлекеттік органдары, мекемелер мен квазимемлекеттік секторының субъектілерімен әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сапасына қоғамдық аудит жүргізу және ұйымдастыру;

         4)  мүдделі дау-дамай мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізу;

         5)мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік секторының субъектілерімен  сатып алынған тауарлар, жұмыс және қызметтердің бағасын арттыруға байланысты қоғамдық сатып алу мониторингін өткізу;

         6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған БАҚ, сонымен қатар қоғамдық қабылдауға өтініш білдіру мүмкіндігі туралы, оның міндеті,  мақсаты туралы ақпараттау жұмысын ұйымдастыру;

         7) халықтың барлық нысаналы тобымен қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды өткізу.

         2016 жылы қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен 20-ға жуық шаралар өткізілді, қоғамдық қабылдауға  әлеуметтік сала, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік құрылымдардың қызметі және т.б. мәселелер бойынша 100-ден артық адам жүгінді. 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта 14 шара өткізілді.  мамандандырылған ХҚО-на көлік құралдарына салық төлеу, мемлекеттік нөмір алу, автокөлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша 25 адам жүгінді.

         Осы жобалардың басты мақсаты – қоғамның санасында кезең-кезеңмен жемқорлықты қабылдамау туралы пікірін, көз қарасын өзгертуді қамтамасыз ету.

         Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандық қоғамның көз қарасы өзгеруде. Үш жылда бір рет өткізілетін  «Жемқорлық-2016 әлемдік барометр» зерттеудің нәтижесі бойынша, осыдан үш жыл бұрынғы нәтижемен салыстырғанда, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы прогрессті қадағалаушы азаматтардың үлесі 2 есеге артқан, пара беруші адамдар саны төрт есе кеміген.

         Қазақстанда белсенді қоғамдық бірлестіктердің қатарында Азаматтық Альянс, Кәсіподақ Федерациясы, Қазақстан блогерлерінің Альянсы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші  медиаорталығы бар. Біздің облыста «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы, Павлодар облысының «Азаматтық Альянс ассоциациясы», «Десента» ОФ, «Жаңару» жемқорлдыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» ПОФ АҚБ, Павлодар облысының «Союз Чернобыль» ҚБ, «Асыл заман» ОФ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға белсене қатысады.

         Қоғамның тарапынан үкіметке құрметпен қарау және зор сенім арту, еліміздің дамуының тұрақты түпқазығы болып табылады. Мықты азаматтық қоғамның арқасында ғана жемқорлықты түп-тамырымен жеңе аламыз.

 

                                                                            

 

Т.Ғ. Жүсіпов - Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл Агенттігінің департамент басшысының  орынбасары