Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан «Бес институционалды реформаларды өткізу бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған нормативтік актілер заңы және кіші заңдар қатары қолданысқа енгізілді.

         Жекелей алғанда, тәртіптік кеңес таратылып орнына әдеп жөніндегі кеңес пайда болды.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген республикалық маңызы бар облыстарда, қалаларда, астанада әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

1) қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған шараларды пысықтау;

2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау жауапкершілігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

3) мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен әдеп және өзара іс-қимыл бойынша уәкілеттіліктердің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды пысықтау болып табылады.

Павлодар облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңестің құрамы 11 адамды құрайды, оның ішінде кеңес төрағасы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысы, кеңес мүшелері облыстық мәслихат хатшысы, Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысы, Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы, Павлодар облысы бойынша ревизия комиссиясының төрағасы, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры, ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Қазақстан РТРК» АҚ Павлодар филиалының директоры, «Жаңару» ЖШС және «Иртыш-Сервис-ПВ» ЖШС болып табылады.

Ағымдағы жылдың басынан әдеп жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілді, 19 тәртіптік іс қозғалды, оның ішінде 16 – мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін бұзушылық фактілері бойынша, 3 – қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша.

Осылайша, 2016 жылғы 3 мамырда Павлодар облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы және «Ақсу қаласы тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы мен Екібастұз қаласы әкімдігінің Железнодорожный ауылдық округі әкіміне қатысты мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзу фактілері бойынша мәселелер қаралды.

Ақсу қаласы ТКШ бөлімі және шағымданушы арасында жекешелендіру келісім-шартын жасаудың заңнамамен белгіленген мерзімін сақтамау анықталды, жергілікті атқарушы орган мерзімді ұзарту арқылы шағымданушының құқығын бұзып, жекешелендірілген тұрғын үйдің қалған құнын өсірген. Ақсу қаласының ТКШ бөлімі пәтерлерді жекешелендіру туралы мәселені 10 ай бойы шешті, бұл жекешелендірілген тұрғын үйдің қалған құнын қайта бағалау өткізуге бюджеттік қаражаттың тиімсіз шығындалуына, сондай-ақ, шағымданушыға пәтерлерді жеке меншігіне алуға заңды құқығын іске асыруға ашық кедергі келтіруге әкеліп соқты. Осыған ұқсас бұзушылықтар жүйелі сипат тапты.

Отырыс қорытындылары бойынша әдеп жөніндегі кеңес шешімімен Ақсу қаласының әкіміне ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы, 1-тармағының, 11) тармақшасында қарастырылған мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін, «Ақсу қаласы тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысына мемлекеттік лауазымын төмендету түрінде, төмен тұрған мемлекеттік бос орын лауазымы жоқ болған жағдайда, толық емес қызметтік сәйкестілік туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза жариялау ұсынылды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта жұмыстан тыс уақытта пайдалану фактілерінің алдын алу және жою мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы ІІД МПС қызметкерлерімен бірлесіп мақсатты рейд іс-шараларын өткізеді. Осылайша, Екібастұз қаласы әкімдігінің Железнодорожный ауылдық округі әкімінің басқаруымен демалыс күні қызметтік автокөлікті пайдалану фактісі анықталды.

Отырыс қорытындылары бойынша әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Екібастұз қаласының әкіміне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің 5-тармағы, 10) тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін, Железнодорожный ауылдық округі әкіміне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза жариялау ұсынылды.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызмет істері

министрлігі

Павлодар облысы бойынша

 департаментінің мемлекеттік

қызмет саласында бақылау

басқармасының басшысы

 Е.Н. Төлегенов