Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәсілдер
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәсілдер

Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуі үшін алған бағыты түрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмысты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жүйелі жұмысты қажет етеді.

Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты 1998 жылдан бастап едәуір өзгерістерді бастан кешкендігін атап кеткен жөн.

Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, негізгі бағыттарды одан әрі анықтау мақсатында мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру міндеті қойылған болатын. Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы 2015-2025 жылдарға арналған қаулысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда қоғам мен мемлекеттің күшін нығайтуға бағытталған аталған саяси құжат Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының негізін қалайды.

Стратегияда белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бағыттары:

1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

2) қоғамдық бақылау институтын енгізу;

3) квазимемлекеттік және жеке меншік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

         Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қоғамның мемлекеттік институттарына деген сенімін, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ, еліміздің халықаралық рейтингін жақсарту, стратегияны іске асыру қорытындысы ретінде орнығуы қажет.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен 2015-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасаудың 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Дәл осындай іс-шаралар жоспары Павлодар облысында да іске асырылуда.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жаңартудың жаңа кезеңі деп Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңының (одан әрі - Заң) қабылдануын айтуға болады. Оның ерекшелігі – аталған процеске бүкіл қоғамды тарту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты механизмін енгізу.

         «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымға заңды түрде жаңа анықтама берілді, ол анықтама мүліктік, мүліктік емес, оның ішінде үшінші тұлғаларға осындай мүмкіндіктер алуды қарастырады. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясының талаптарына толығымен сәйкес келеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың қызметтік әдепті бұзуды шектеу мақсатында сыбайлас теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік алынып тасталған. Енді, олар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық ретінде қарастырылатын болады.

         Сыбайлас жемқорлық субъектілері қылмыстық және әкімшілік заңнамасын қарау арқылы ғана қарастырылатын болады.

         Сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік және жеке секторда заңмен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу институттары енгізілген:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық қауіптерін талдау (ішкі және сыртқы);
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • ҚР заңнамасына сәйкес заңды сараптамаларды өндіру кезінде сыбайлас нормаларын анықтау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
  • қаржылай бақылау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
  • мүдделер қақтығысын жою және шешу;
  • кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, кесу, ашу және зерттеу;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама.

Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін анықтайды, оларға жататындар:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері – бұл мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өз құзыреттілігі аясында барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жеке және заңды тұлғаларды жүргізуге міндетті.

Анықтау, кесу, ашу, зерттеу бойынша функциялар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын зерттеу мен жою, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды өз құзыреттілігі аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кірістер, әскери полиция, ҰҚК шекара қызметі органдарымен жүзеге асырады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұртшылықтың қатысуы заңмен белгіленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде бөлек, жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар келесі шараларды қолдана алады:

  • өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы хабарлама;
  • сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;
  • өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • зерттеу жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтік;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастыру.

Жоғарыда аталған кешенді шаралар алдын алу сипаттындағы құқық бұзушылықты ғана емес, сондай-ақ, моральдық-адамгершілік нормалар болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күштерді біріктіретін мемлекет пен қоғамды бағыттайды. Сонымен қатар, кез-келген сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және себептер мен жағдайларды жою мемлекет пен қоғам өмірінде оны тудыратын түрлі салаларында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаты болып табылады.

 Т.Г. Джусупов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары