Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау – сыбайлас жемқорлықты алдын алу шарасы ретінде
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Макалалар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау – сыбайлас жемқорлықты алдын алу шарасы ретінде

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын болып табылады.

Осыған байланысты, мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою мақсатында, алғашқы рет, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен (әрі қарай – Заң), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау (ішкі және сыртқы) жүргізу секілді сыбайлас жемқорлықты алдын алу институттары енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығымен, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторы қызметтеріндегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу  Ережесі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, Мемлекттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 және 18 бұйрықтарымен бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг уәкілетті органмен және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органмен мынадай жолмен жүзеге асырылады:

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша мемлекеттік огандардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін зерделеу;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарды зерделеу;

-         құқықтық статистика органдарының деректерін зерделеу.

Жемқорлық деңгейін қабылдау және алдын алу мәселелері бойынша, әлеуметтік сауалнамалар  нәтижелерін қарастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг элементтерінің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзге субъектілерімен жүргізілген мониторингтің нәтижесіне,  уәкілетті органмен шолу жасалады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды сипаттайтын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша әзірленген ұсынымдардың сандық және сапалық көрсеткіштері міндетті түрде ескеріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі бойынша, уәкілетті органмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы жағдайына бағаларын көрсететін тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұқсас есепті қалыптастырады, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі бойынша төмендегі шешімдердің бірі қабылданады:

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілер қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу.

Заңның 7-бабындағы 4-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу объектісінің бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқаратын немесе олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, бірлескен шешіммен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.

        Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезеңіне ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау және талдамалық анықтама құрау жатады.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1)      сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)      персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

3)      мүдделер қақтығысын реттеу;

4)      мемлекеттік қызметтер көрсету;

5)      рұқсат беру функцияларын орындау;

6)      бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;

7)      сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды қамтитын, екі данада талдамалық анықтама әзірленеді.

        Талдамалық анықтама жұмыс тобының мүшелерімен келісіледі және бірлескен шешіммен белгіленген уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдары қол қояды.

        Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді.      

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, соның ішінде алқа, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында, арнайы мемлекеттік органдарды және қоғамдық ұйымдарды қоспағанда, жария талқылауға жол беріледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері жарты жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға есептік кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпаратты жолдайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасына 37-87-60, 37-87-79, 37-87-83 телефондары бойынша хабарласуға болады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы – А.А. Балгожин