Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
сыбайлас жемқорлықпен күрес
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері сыбайлас жемқорлықпен күрес

Мемлекеттік саясаттың ең негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

         Бүгінгі күні Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күресу үшін жалпы мемлекеттік статус берілді, қоғамдық және саяси күшпен бірлесе отырып, жемқорлыққа қатысты оқиғалардың жолын кесу немесе шектеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды масштабта жұмыс жүргізілуде. Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс қимыл жасау мемлекеттік саяси басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. Қай салада болмасын құқық бұзушылықпен күрес мәселесі талқыға алынғанмен, жемқорлық сипатында оқиғалар төмендер емес.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қоғамның қатысуынсыз, жемқорлықты жою мүмкін еместігін бірнеше рет баса айтқан болатын және Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекет саясатының ең басты басымдығы екенін Елбасы анық атап өткен болатын.

         Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында жемқорлықпен күрес мемлекеттің жаңа саяси бағытының бірі екені туралы баяндалған.

         Ірі қоғамдық саясаткерлер, экономистер мен заңгерлер арасында «жемқорлық»  сөзіне түсініктемені  ашық  жариялау және онымен күресудің жолдары туралы мақалалар жариялана бастады. Елімізде жемқорлықпен күрес саласында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» және «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» заманауи заңдары  қолданылады, мемлекеттік қызмет саласында жемқорлыққа қарсы іс қимылды кешенді түрде жүзеге асыратын арнайы уәкілетті органы құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде іске асырылуда.

         Шенеуніктер мен азаматтардың арасында жемқорлық оқиғасы бойынша тікелей байланыс жасауды қысқарту мақсатында, мемлекеттік аппараттың ақпараттау жұмысы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту үшін кешенді  шаралар қолданылды.

         Жемқорлық қылмыстың басым үлесі лауазымдық өкілеттігін асыра қолданумен байланысты екені белгілі болып отыр (ҚК 361 бап), сеніп берілген өзгенің мүлкін иелену немесе шығындау, пара алу (ҚК 366 бап).

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңына сәйкес жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік шара қолданылмайды, ендігі кезекте, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

         Осыған байланысты,  жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік шара қолданылған тартылған тұлғаларды есепке алу жөніндегі жемқорлық құқық бұзушылық заңмен (жемқорлық мәселесі туындайтын құқық бұзушылық) алынды.

         Бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік шара қолданылған тұлғаларға, мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге нұқсан келтіргені үшін мемлекеттік қызметке орналасуға шектеу қойылды (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 50 бап).

         Осыған байланысты, ҚР «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңының мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіп бұзушылық жасаған тұлғаларды арнайы есепке алу бөліміне өзгертулер енгізілді және 22.06.2016 ж. осы санаттағы тұлғаларды есепке алуды реттеудің тәртібі туралы ҚР Бас Прокурордың бұйрығы қабылданды (№ 113).

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабында баяндалған, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін деректер, сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы мемлекеттік органы басшысының актісі немесе уәкілетті комиссиясының шешімі осы тұлғаларды арнайы есепке алуға негіздеме болып табылады.

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы», «Құқыққорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын және оның аумақтық басқармаларын ақпараттау және статистикалық сүйемелдеу  мақсатында, 2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметтен жағымсыз  себептерге байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар да есепке алынады.

         Қазақстан Республикасының органдары мен мекемелерінде қызмет атқару үшін қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіретін, прокуратура органдары қызметкерлерінің адамгершілік, моралды-эикалық беделіне, қызметшілер мен еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және Ар-намыс кодексін сақтау үшін жоғары талап қойылады, үнемі профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлықпен  күрес мәселесін кешенді түрде қолға алмайынша, сонымен қатар барлық мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен тұрғындардың қатысуынсыз, құқық қорғау органдарының күшімен ғана нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Бірлесіп атқарған жұмыстың арқасында, жемқорлық іс әрекет деңгейін төмендетуге болады.

        

        

25- ӨСБ Бастығы

азаматтық қорғау майоры                                           А. Аманбаев

         .