Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Call-орталық 1494 (консультациялық орталық)
Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Call-орталық 1494 (консультациялық орталық)

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды, мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ өзге де адамдарды ақпараттандыру және консультация беру жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тарату мақсатында 1494 Call-орталығы (консультациялық орталық) құрылып, жұмыс істейді.

Толығырақ ақпаратпен anticorruption.gov.KZ агенттігінің сайтынан танысуға болады Call-орталыққа абоненттерді қоңырау шалу қалалық телефоннан және республика бойынша барлық ұялы байланыс операторларынан "1494" (қоңырау тегін) нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

Орталықтың негізгі міндеттері мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, халыққа білікті құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.