Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы –күрделі құрал
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы –күрделі құрал

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы арқылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруының басталуы туралы жариялап, бес басымды бағытты белгіледі.

Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес қатысты - жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі заманға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы еліміздің саясаты – басты серіктес – азаматтық қоғам институтына негізгі басымдылық беруде.  Заманауи үкіметтік емес ұйымдар – ол ең алдымен, қоғамымыздың қарқынды дамыған бөлігі.

Еліміздің дамуына зор үлес қосу, Отанға деген сүйіспеншілік, адами және азаматтық көзқарас – қоғам қайраткерлерінің осы қасиеттерінің барлығы еліміздің тәуелсіздігі жылдарында біздің табыстар мен жетістіктеріміздің кепілі.

Азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту, қызметі қоғамда сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың сандық және сапалық өсуі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, нақты жұмыс істейтіндер саны – 8 мыңнан астам, оның ішінде 640 құқық қорғау ұйымы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде болған жаңашылдықтардың көмегімен, профильді ҮЕҰ дамуына арналған тиісті құқықтық жағдай жасалған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі енгізілген. Еліміздің барлық өңірлерінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қаражат бөлінеді.

Павлодар облысында «Азаматтық бақылау» жобасы шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылуда, оны іске асыру үшін келесі міндеттер қойылған.

1) тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында іс жүзінде қолдану тәжірибесі, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы және бағалауы;

2) «құпия тұтынушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде сыбайлас жемқорлық қатерлері мен әкімшілік кедергілердің барына қоғамдық зерттеу жүргізу;

3) мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квази мемлекеттік сектор субъектілері әзірлейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сапасына қоғамдық аудит ұйымдастыру және өткізу;

4) мүдделер кикілжің мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым өткізу;

5) тауар, жұмыстар мен қызметтерге бағаны көтеруге қатысты сатып алудың қоғамдық мониторингін жүргізу;

6) БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде қоғамдық қабылдауға жүгіну мүмкіндігі туралы, оның мақсаты мен міндеттері;

7) тұрғындардың барлық нысаналы топтарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін өткізу.

2016 жылы қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен 20-ға жуық шара өткізілді, қоғамдық қабылдауға әлеуметтік сала, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік құрылымдардың қызметі туралы ақпарат алу және т.б. мәселелер бойынша 100-ден астам адам жүгінді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 14 іс-шара өткізілді. Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан қоғамдық қабылдауға көлікке салық төлеу, мемлекеттік номер алу, көлікті кедендік рәсімдеу мәселелері бойынша 25 адам жүгінді.

Ондай жобалардың басты мақсаты –қадамды аңдап басып, қоғам санасын өзгерістерге әкелу және сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау.

Сарапшылардың бағалауына сәйкес Қазақстанда қоғам санасының трансформациясы жүргізілуде. Осылайша, үш жылда бір рет жүргізілетін «Әлемдік коррупция барометрі - 2016» «Transparency International»зерттеудің нәтижелері бойынша Қазақстанда бұрынғы үш жылдың нәтижелерімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы өсуді бақылайтын азаматтардың үлесі 2 есеге өскенін байқауға болады, пара берген адамдар саны едәуір азайды.

Қазақстандағы белсенді қоғамдық бірлестіктер қатарына Қазақстан Альянсын, Кәсіподақ федерациясын, Қазақстан блогерлер альянсын, алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықты қосуға болады. «Нұр Отан» ПОФ, «Павлодар облысының Азаматтық альянс қауымдастығы»,«Десента» ҚҚ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қоғамдық қозғалысы» ПОФ РОО, Павлодар облысының «Чернобыль Одағы», «Асыл заман» ҚҚ жатқызуға болады.

Қоғам тарапынан билікке деген сенім мен құрметеліміздің тұрақты дамуының кепілі бола алады. Берік азаматтық қоғам арқылы ғана біз жемқорлықты жеңетін боламыз.

  

Т.Г. Жүсіпов – Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысыныңорынбасары