Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
2015 жыл бойынша және 2016 жылғы 1-ші тоқсанда «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-мен «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-де өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы аналитикалық анықтама
Басты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері 2015 жыл бойынша және 2016 жылғы 1-ші тоқсанда «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-мен «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-де өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы аналитикалық анықтама

  Шарбақты ауылы                                                             2016 жыл 29 наурыз

 Кіріспе бөлім       

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:«Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-де   ұйымдастырушылық-басқару қызметінің сыбайлас тәуекелдерін талдау және бағалау.   

2. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ ұжымды басқару қызметінің бас маманы Ә.М.Қабдрахмановамен, Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ 2016 жылғы 28 наурыздағы бұйрығымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің Үлгілік ережесін бекіту туралы» № 18 бұйрығына сәйкес (одан әрі – Тәртіп, сыбайлас жемқорлық мониторингін өткізудің тәртібі)сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілді.

3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг 2016 жылғы наурыздың 29-да басталды 2016 жылғы наурыздың 30-да аяқталды.

4. Бақылау мерзімі: 2015 жылғы және 2016 жылғы 1 тоқсан бойынша жұмысы.

 

Қортынды бөлім

            Қортынды. Ішкі саясат бөлімінің жұмысы толыққанды жүргізілуде, жоғары органдары тарапынан тексерудің  нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылық деректер анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл субъектілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылған шараларды жақсарту жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар.

            Ұсыным.  2015 жыл бойынша және 2016 жылғы 1-ші тоқсанға арналған бөлімнің жұмыс жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде шаралардың көрсетілмеуімен байланысты, бөлімнің келесі жұмыс жоспарына бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөнінде жаппай құқықтық оқу өткізу үшін қосымша шараларды енгізуді ұсынамын.

            Ұсыныс: ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» № 410-V жаңа Заңын енгізуімен байланысты, сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға әсер  ететін кешенді шараларға жетекшілік ету көзделген, мемлекет пен қоғамның түрлі саласында пайда болуына әсер ететін жемқорлықтың себеп-салдарын түп-тамырымен жойсын. Яғни, осы заңда сыбайлас жемқорлықтың зардаптарымен күресуге емес, оны тәртіпке келтіруге  назар  аударылған, осыған байланысты ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне мыналарды: «өздері жұмыс істеп жүрген мемлекеттік органының басшылығына немесе құқық қорғау органдарына сыбайлас құқық бұзушылық туралы белгілі болған оқиға  туралы дереу хабарлау негізі міндетіне енгізілсін».

 

«Шарбақты ауданы әкімінің

 аппараты» ММ ұжымды басқару

     қызметіің бас маманы                                                                         Ә. Қабдрахманова